«Дәрігерлік сараптаманың электрондық жүйесі» ақпараттық жүйесі – психоактивті заттарды қолдану және улану фактілерін анықтау үшін медициналық куәландыру деректерін жинауға, сақтауға және өңдеуге арналған веб-платформа.
Жүйе медицина қызметкерлерінің жұмысын оңтайландыру құралы ретінде жасалған және көптеген күнделікті әрекеттерді автоматтандыруға мүмкіндік береді.